Ирак Қасымұлы Елекеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Ирак Қасымұлы Елекеев.JPG
Ирак Қасымұлы Елекеев

Ирак Қасымұлы Елекеев

1947 жылы 20 мамырда Гурьев облысы Құрманғазы ауданының Ганюшкин ауылында туған. Қазақ.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін бітірген (1977), заңгер-құқықтанушы. БАҚ-да жарияланған көптеген мақаланың авторы.

КОКП мүшесі (1971-1991).

1963 жылдан - жұмыс жабдықтау бөлімінің жұмысшысы. 1965 жылдан - Жамбыл облысы Ақсүйек кенті тұрғын-коммуналдық бөлімінің электригі. 1967 жылдан - «Алматы-мәдениеттұрмысқұрылыс» трестінің электригі. 1969 жылдан - Апматы №3 кірпіш зауытында слесарь, жөндеуші, кешенді бригаданың бригадирі. 1971 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті дайындық бөлімінің тыңдаушысы, 1972 жылдан - студенті. 1977 жылдан - Маңғышлақ облыстық сотының сынақ мерзімінен өтушісі, мүшесі. 1980 жылдан -Маңғыстау облыстық әділет бөлімі бастығының орынбасары. 1988 жылдан - Гурьев облыстық әділет басқармасының бастығы. 1995 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. 1999 жылдан - Қазақстан Парламенті Мәжiлiсі Аппаратының бастығы. 2002 жылдан - ҚР әділет вице-министрі. 2003 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі. 2004 жылдан - ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 2008 жылдың қантарынан - ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімгерлігі жөніндегі комитеттің төрағасы. 2004 жылдан - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі комитеті төрағасының орынбасары. 2009 жылдың қыркүйек айынан бері - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

ҚР Еңбек сіңірген заңгері (1992). Жеке сот орындаушыларының халықаралық одағының нұсқасы бойынша Жыл адамы ретінде мойындалған (Франция, 2008).

«Құрмет» орденімен (2002); «Ерен еңбегі үшін» (2001), «Қазақстан Конституциясына10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; КСРО Әділет министрлігінің «Қызметтегі табыстары үшін» төс белгісімен (1991); «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» Құрмет белгісімен (2007) марапатталған.

Діни кезқарасы - «Мүлдем атеист те емес, діндар деуге де болмайды».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - I Петр.

Хоббиі - фотоға түсіру, спорт - күрес.

Сүйіп оқитын әдебиеті - саяси және тарихи әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Мақажанова Галия Ақатайқызы, заңгер. Ұлдары - Ғалымжан (1978 жылы туған), Ержан (1986 жылы туған); қызы - Гүлжан (1980 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref><ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. Екі томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}