Иосиф Самуйлович Брагинский

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Брагинский Иосиф Самуйлович (1905-1990), шығыстанушы. Тәжікстан ғылым академиясының толық мүшесі, Тежікстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымының докторы (1954), профессор (1954). Тәжік КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Негізінен Орта Азияның мәдениет тарихы мен парсы және тәжік әдебиетінің арасындағы байланысты тереңдете зерттеген. «Народы Азии и Африки» журналының бас редакторы ретінде бұл құрлықты мекендеген халықтардың рухани мұраларына ерекше назар аударды. Сол басылымның 1961 жылғы №6-санында жарияланған Әуезов туралы «Ғалым-ақын» атты мақаласында жазушының фольклор, зерттеушісі, абайтанушы, әдебиет теориясының мәселелерін пайымдаушы, әдебиет тарихшысы ретіндегі оқымыстылық қасиетіне ерекше тоқталады. Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолын шығыспен байланыстыра отырып жазылған бұл мақала - үлкен ғылыми еңбектің жүгін көтерген. И. Брагинский: «Әуезовтің бір басына ғалымның даналығы мен ақынның сезім- сыры қабат ұштасқан, міне, сондықтан оның барлық еңбегі мазмұн тұтастығымен, ғылыми талдауының өрелі де жүйелілігімен, құбылыс пен тақырыптың сырына терең бойлағыш ақындық алғырлығымен сүйсіндіріп, таңырқатады деп, оның шығармашылығын үш кезеңге беледі. 30-жылдарға дейінгі кезеңі - «ізденіс кезеңі», 30-жылдардан кейінгі кезеңі. Барлық мәуелері бөр жарып, гүл ашқан «Гүлстанға», ал «Абай» романы дүниеге келгеннен кейінгі дәуірін жемісі молынан теккен «Бустанға» теңеген. Өмірінің соңғы жылдарында өзінің ақыл-ойы мен жүрегінің пісіп-жетілген жемістерін сондайлық жомарттықпен бөлісті. Бұл үшін оған арнайы дайындалудың қажеті жоқ еді, өйткені өз ойының, идеяларының, мақсаттарының, бейнелерінің құшағында үнемі қалықтап, шабыттанып жүретін деп жазды («Ученый-поэт», «Наро- ды Азии и Африки», 1961, №6).<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иосиф Самуйлович Брагинский|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}