Иондардың қасиеттері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін Электролиттердің ерітінділерінде және балқымаларында иондар ретсіз козғалып жүреді. Егер электролит ерітіндісіне тұракты электр тогын жіберсек, иондар бағытталған қозғалысқа ие болады. Оң зарядталған иондар электродтың теріс зарядталған — катодына қарай жылжиды. Сондықтан бұл иондар катиондар (катион — катодка барушы) деп аталады. Теріс зарядталған иондар электродтың оң зарядталған анодына қарай жылжиды. Сондықтан олар — аниондар (анодка барушы) деп аталады. Иондардың қасиеттері атомдардың (молекулалардың) қасиеттерінен өзгеше болады. Мысалы, бос күйіндегі натрий сумен шабытты әрекеттесіп, нөтижесінде сутек бөлінеді, ал ерітіндідегі натрий ионы сумен әрекеттеспейді. Сол сияқты газ күйіндегі хлор — өткір, жағымсыз иісі бар, улы, түсі сары жасыл зат. Ал хлор ионының иісі, түсі жоқ, сондықтан тамаққа пайдаланғанда оның адамға зияны болмайды. Себебі натрий Na атомы да, бос күйіндегі хлор С12 молекуласы да зарядталмаған. Ал ас тұзының құрамындағы натрий, ол бос натрий атомы емес, натрий ионы Na+, сол сиякты хлор ионы да С1- хлор атомы емес. Сондықтан ас тұзының құрамындағы бұл иондар организмге пайдалы. Құрылысы жағынан да атомдар мен иондар бір-бірінен өзгешеленеді. Катиондарда электрондар атомдардағы электрондарға қарағанда азырақ болады, ал аниондарда электрондар атомдардағыға қарағанда кебірек болады:

+11Na0 атомы

+11Na0 )2ё )8ё )1ё

1s22s22p63s1

  1. Күміс түсті ак, жылтыр металл.
  2. Сумен жылдам өрекеттеседі.
  3. Күшті тотықсыздандырғыш.

+11Na+ ионы

+11Na+ )2ё )8ё

1s22s26

  1. Түссіз ион.
  2. Суға өсер етпейді.

+17С10

+17С10 ) 2ё )8ё)7ё

1s22s22p63s23p5

  1. Жай зат күйінде (С12) өткір, жағымсыз иісті, улы, сары жасыл газ.
  2. Суда аздап ериді және өрекеттеседі.
  3. Күшті тотықтырғыш.

+17Cl-

+17Cl- ) 2ё) 8ё) 8ё

1s22s22p63s23p6

  1. Иіссіз, түссіз, улы емес.
  2. Сумен өрекеттеспейді, бірақ гидраттанады.

Демек, бір элементтің атомдары мен иондарының қасиеттеріндегі ерекшелік олардың құрылыстарының айырмашылығына байланысты. Заряд ионға жаңа қасиет береді. Ac тұзының ерітіндісі түссіз, иіссіз және улы емес. Ондағы Na+ және С1- иондары біздің организмімізге қажет, сондықтан ас тұзын тамаққа қосады.

Электролит ерітіндісінде немесе балқымасында иондар үнемі ретсіз қозғалыста болады. Ерітінді немесе балқыма арқылы тұрақты электр тогын жібергенде, катиондар — катодка, аниондар — анодка қарай бағытталып жылжиды. Иондардың ерекше түсі және химиялық қасиеттері бейорганикалық қосылыстарды анықтағанда қолданылады. Ерітіндіде және балқымада иондар ретсіз қозғалады. Тұрақты ток көзіне қосқанда иондардың қозғалысы реттеліп, оң зарядталған катиондар катодқа, ал теріс зарядталған аниондар анодқа қарай жылжиды. Бос атомдарға қарағанда иондардың қасиеттері өзгеше болады. Катиондар мен аниондардың ерітіндідегі өзіне тән түстерін оларды анықтау үшін пайдаланады.<ref>Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңделген, толықтырған 2-бас. / Н. Нұрахметов, К. Сарманова, К. Жексембина, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 208 бет: суретті. ISBN 9965-36-702-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Chem-stub