Инфузория класы
Инфузории, немесе кірпікшелілер<ref name=dogel/> (Үлгі:Lang-la)- күрделі қарапайымдылар болып табылады.
Тіршілік етуі
Дене пішіні түрліше болып келеді. Өлшемі 30-40мкм-ден 1000-2000мкм дейін. Қозғалу органоидтары болып кірпікшелері саналады. Кейбіреулерінің қорғаныстық қорғаныстық қызмет атқаратын- трихоцисталары болады. Оларда қарапайым ауыз қуысы- цитофаринкс кездеседі. Қорытылмаған ас қалдығы ерекше тесікше- қылаулатқыш арқылы сыртқа шығарылады.
Құрылысы
Инфузорияларда 2 ядро кездеседі: біреуі үлкен-макронуклеус, екіншісі кіші-микронуклеус. Макронуклеус зат алмасу, өсу және т.б. вегетативті қызметтер атқарады, ал микронуклеус- жыныстық көбеюге қатысады.
Көбеюі
Инфузориялардың көбеюі жыныссыз және жыныстық жолдармен жүреді. Жынысық процесс конъюгация күйінде болады. Ол үшін 2 дара бір- бірімен жанасып аталық және ядроларымен алмасады. Содан кейін аталық және аналық ядролар өзара қосылады, ал инфузория даралары бір- бірінен ажырасады.
Дереккөздер
<references/>
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- "Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004