Инфраорбитальды қойнау
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Инфраорбитальды қойнау (Үлгі:Lang-la sinus — қойнау, infra — асты, төмен, orbita — көздік, көз шарасы) - көздің төменгі алдыңғы ішкі жағында орналасқан, теріден дамыған көзасты қуысы. Инфраорбитальды қойнау - тек қой малында болады. Қойнау қабырғасын құрайтын жұқа теріде аздаған тері түктері және ірі май бездері болады. Май бездері — қойнау қабырғасы терісін айнала орналасады, ал оның шеткі жағында аздаған апокринді тер бездері кездеседі.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>