Интеллектуалдық меншік құқығы туралы жалпы түсінік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Интеллектуалдың меншік және оның объектілері

Күнделікті өмірімізде біз «интеллектуалдық меншік» немесе «интеллектуалдық меншік құқығы» деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: «Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады». Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймыз.

Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады: <poem> • интеллектуалдық қызметтің туындылары;</poem> <poem> • ғылым, әдебиет және өнер туындылары;</poem> <poem> • өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;</poem> <poem> • фирмалық атаулар;</poem> <poem> • тауарлық белгілері және т. б.</poem>

Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.

Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.

Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.

Питер Пэн туралы ертегінің жас батыры — Вендидің есімі ойдан құрастырылған. Шығарма жарық көрген соң, аталған есім кең тарап кетті, бірақ бұған дейін Англияда ондай есім болмаған. Жас өспірімдер П.Пэн туралы ертегінің авторы Джеймс Барриді өзінің досы ретінде танып, Маргарет Хенли есімді бір қыз оны «досым» деп атағанда ағылшынша «френди» орнына «венди» сөзі шығады, себебі ол қыз кейбір дыбыстарды айта алмаған. Сол кезден бастап жаңа есім пайда болады.

1929 жылы Барри өзінің «Питер Пэн» ертегісінің авторлық құқығын Лондонның қалалық балалар ауруханасына береді, аталмыш аурухана аталған құқықты үшінші тұлғаларға беруден түскен пайдаға медициналық зерттеулер мен ауруханаға түрлі құрап жабдықтар сатып алады.

Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері

Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық Интеллектуалдық меншік объектілерін кұру фактісі және тәртіп бойынша өкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды і беруі нөтижесінен туындайды.

Суретші сурет салды, автор кітап жазды. Бұл жердегі сурет пен интеллектуалдық меншік құқығы негізінде заңды дәлел болып табылады.

Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т.б.) және мүліктік (басу, жалға беру, т.б.) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде интеллектуалдық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады: автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады. Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі.

Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.

Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.

Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.

Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.

Авторлық құқық

Авторлық құқық шығармашылық қызметтің нәтижесі ретінде ғылым, әдебиет және өнер туындыларына оның мақсатына, мазмұнына және абыройына, сонымен бірге оны жеткізудің әдістеріне қарамастан тарайды.

Авторлық кұқық жарық көрген (жарияланған, шығырылған) және әлі жарық көрмеген (жазбаша немесе ауызшн таспаға басылған шығармалар, бейнежазбалар, мүсін өнері ғимарат, үлгі және т.б.) туындыларға беріледі.

Авторлық құқық өзіндік идеяларға, тұжырымдамаға қағидаларға, әдістерге, жүйелерге, үрдістерге, жаңалықтарға, айғақтарға тарамайды.

Авторлық кұқықтың объектілеріне мыналар жатады: <poem> • әдеби шығармалар;</poem> <poem> • драма және музыкалыдрамалық шығармалар;</poem> <poem>• мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар;</poem> <poem>• қолданбалы өнер шығармалары;</poem> <poem>• фотографиялық шығармалар;</poem> <poem>• сахналық туындылар;</poem> <poem>• карталар, эскиздер, иллюстрациялар мен үш өлшемді шығармалар;</poem> <poem>• энциклопедиялар, антологиялар, мәліметтер базасы;</poem> <poem>• хореография және пантомимді шығармалар;</poem> <poem>• кино, теле, бейне (видео) жәнө диафильмдер;</poem> <poem>• ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;</poem> <poem>• архитектура, қалақұрылыс және бақша-саябақ өнерінің шығармалары;</poem> <poem>• жасанды шығармалар (аудармалар, рефераттар, түйіндер, музыкалық оранжировкалар, және т.б.)</poem>

Ресми құжаттар, мемлекеттік символдар, халық шығармашылығының туындылары, оқиғалар мен айғақтарды хабарлау авторлық құкықтық объектілеріне жатпайды.

Нағыз пиццаның дәмі — миландық пиццаның дәмі дейді Солтүстік Италияның Милан қаласының тұрғындары. Миландық 4 растораторлар пиццаның дөңгеленген пішінін деріптеп, оның бірненше қоспасын жаңартып жаппай өндіріске қосып, өздеріне йшорлық құқық жариялап үлгіреді. Дегенмен де, оңтүстіктегілер пиццаны олардың ата-бабалары ойлап тапқанын алға тартуда. Істің мәнжайы былай өрбіген болатын. Бұдан бірнеше жүз жыл бұрын неопалитандық кедей шаруалар күн көріс қамын ойпан үш қоспадан тұратын дөңгелек шелпек жасайды. Үнды т іпн суына қосып илеп, одан соң оны отқа қояды. Оған зәйтүн майы мен азғана қызанақ пастасын қосады. Ал, сыр, саңырауқұлақ немесе тұздалған балық қосу кейіннен пайда болған. , Неопольде, Римде немесе Генуде пиццаның дәмін татпау италиядықтар үшін бір күнді бекер өткізгенмен бірдей.

Автор өзінің шығармасын пайдаланғаны үшін оның авторлыған талап етуге құқылы. Сонымен бірге ол өзінің шығармасындамда бөтен немесе жалған есімді пайдалануға, оған өзгерістер мен қосымшалар енгізуге құқылы. Автор қайтыс болған соң, оның авторлық құқығын қорғау өсиетте тұлғаға, автордың мұрагерлеріне немесе мемлекетке жүктеледі.

Автор үшінші тұлғаларға өзінің шығармаларын шығаруға; тұпнұскаларды немесе көшірмелерді таратуға; сатуға, айырбастауға, жалға беруге; шығарманы көпшілікке көрсетуге; шығарманы аударуға және т.б. әрекеттерді жасауға рұқсат беруі немесе оған тыйым салуы мүмкін.

Авторлық құқық автордың көзі тірі кезінде және ол қайтыс болғаннан кейін елу жыл әрекет етеді. Авторлық құқықтың мерзімі біткен соң кітап қоғамның байлығына айналады.

Авторлық құқықты қорғау coт арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен, интеллектуалдық меншік дегеніміз — шығармашылық қызметтің нәтижесі. Интеллектуалдық меншіктің объектісі ретінде интеллектуалдық қызметтің нетижесі және азаматтық айналымның қатысушыларын дараландыратын тауарлар, жүмыстар және қызметтер жатады.

Интеллектуалдық меншікке қатысты заңдарда оны «айрықша құқық» деп түсінеді. Айрықша қуқық интеллектуалдық меншікті лицензиялық келісімшарт негізінде үшінші тұлғалардың уақытша пайдалануына мүмкіндік береді.

Авторлық құқық интеллектуалдық меншікке жатады және сотпен қорғалады. Интеллектуалдық меншік қуқығы бұзылғанда, оны қорғау сот арқылы жүзеге асырылады.<ref>Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub:Құқық {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}