Инициалдық магматизм
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Инициалдық магматизм - геосинклиндік кұрылым дамуының алғашқы сатысын, яғни оның нақты геосинклиндік даму сатысын сипаттайтын, негізінен сималық магматизм жиынтығы; көбінесе су түбіне төгілген жанартаутекті таужыныстарды (спилиттер, диабаздар, андезиттер, кератофирлер және т.б.) және әр түрлі интрузиялық пішіндерді біріктіреді. Синонимі: бастапқы магматизм.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>