Индикаторлар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Индикаторлар<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> (латынша: indico – нұсқаймын, анықтаймын) —
- белгілі бір геологиялық, топырақтық, гидрологиялық, климаттық жағдайларға тән әр-текті табиғи объектілер (өсімдіктер, қазба организмдер, кейбір минералдар және т.б.). Көптеген индикаторлар нақты қарекетте қолданылады (мыс., кейбір өсімдік индикаторлары бойынша грунт суларының жаты тереңдігі мен минералдану дәрежесін білуге болады; бірқатар индикаторлар (өсімдіктер мен минералдар) пайдалы қазбалар қорларын, мыс, мырыш және т.б. кенорындарын іздестіруді жеңілдетеді.
- Зерттелуші ерітіндіге аз мөлшерде енгізіліп, сол ерітіндіде химиялық әрекеттердің толық аяқталғандығын көрсететін заттар:
- әрекеттесу аяқталысымен ерітінді түсінің өзгеруі немесе сол ерітіндіге малынған арнаулы қағаз түсінің өзгеруі;
- мөлдір ерітінділер түбінде тұнбалардың пайда болуы немесе, керісінше, көмескі ерітінділердің мөлдірленуі;
- түсті тұнбалар қалыптасуы немесе олардың ғайып болуы;
- әрекет кезінде тұнбаға түскен шөгінді түсінің өзгеруі.
Дереккөздер
<references/>