Инверсия (география)
Жер бетіндегі инверсияда ауаның температурасы ондаған м., кейде 1 – 2 км биіктікке дейін жоғарылайды. Инверсияның бұл түрі ауаның жер бетінен салқындауынан немесе салқын жер бетіне басқа жақтан жылы ауаның таралуына байланысты пайда болады. Ашық атмосферадағы температура инверсиясының қалыңд. бірнеше жүз м-ден 2 – 3 км-ге дейін барады. Ландшафтар инверсиясы – ландшафтардың биіктік бойынша таралуының биіктік белдеулік заңдылығына сәйкес келмеушілігі. Тау аңғарынан тау беткейімен жоғары көтерілгенде салқындау климат ландшафтының орнына, керісінше, неғұрлым жылу сүйгіш ландшафты орын алады. Ландшафт инверсиясы температуралық инверсияға байланысты пайда болады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>
Сілтемелер
<references/>