Инвагинация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Инвагинация (Үлгі:Lang-la in — ішке, vaginaқынап) — қынаптану, қандауырша ұрығында екі қабат жасушалар қабатының пайда болу процесі (гаструланудың бір түрі). Қандауыршаның (ланцетник) шар тәрізді іші қуыс бластуласының бір қабат бластомерлерден құралған бластодерма түбінің қабырғасы, ішіндегі қуысқа (бластоцельге) қарай, бластодерма төбесіне қарама-қарсы бағытта майыса еніп, пішіні қынапқа ұқсас қапшық тәрізді екі қабат ұрыққа (гаструлаға) айналады. Оның сыртқы қабатын — эктодерма, ішкі қабатын энтодерма, энтодерманың ішінде пайда болған қуысты — біріншілік ішек қуысы немесе гастроцель деп, ал гастроцельдің сыртқы ортамен қатысатын тесігін — біріншілік ауыз немесе бластопор деп атайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref><ref>Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Инвагинация|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}