Инактивация
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Инактивация — әртүрлі микроорганизмдердің жұқпалы қасиеттері мен зардаптылық белсенділіктерін жою немесе өте төмендету. Әдетте бұл мақсат үшін белгілі бір жылылықта қыздыру, УФ-сәулелендіру, әртүрлі химиялық құрамаларымен (формалин, бета-пропио-лактон) өңдеу қолданылады. Инактивация туғызатын басқа да химиялық және физикалық факторлардың болуы мүмкін. Инактивация қан сарысуындағы комплементті және тәнді емес ингибиторлардың әрекетін жою үшін пайдаланылады. <ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>