Инабаттылық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Инабаттылықәдептілік, тәрбиелілік, мәдениеттілік ұғымдарымен жақын мағынада қолданылатын, кісілік қасиеттердің бірі.

Инабаттылық, көбінесе, адамның мінез-құлық ерекшеліктерімен айқындалады. Оның басты көріністеріне: адамгершілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, жауапкершілік, тәртіптілік, қанағатшылық, биязылық, ілтипаттылық, ізеттілік, сабырлылық, әділдік, шыншылдық, т.б. жатады. Инабаттылықтың негізгі шарттарының бірі – ар-ұятқа кір келтірмеу. Халық “жарлы болсаң да, арлы бол” дейді. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, инабатты келеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub