Импрессионизм
Импрессионизм (Үлгі:Lang-fr – әсер) – алғаш рет Францияда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді шынайы, айқын, боямасыз бейнелеуге ұмтылды.
Бейнелеу өнерінде импрессионизмның алғашқы белгілері 19 ғасырдың 60-жылдары суретшілер Делакруа, Констебл, Тернер шығармаларында көрініс тапты. Импрессионизмнің негізін француз суретшілері (К.Моне, О.Ренуар, Э.Дега) қалады. Олардың шығармаларынан өмірдің немесе табиғаттың бір сәттілік бейнесі әсерлі де көркем берілді. Табиғаттың құбылмалы шақтарын, заттардың түсін, жарық пен сәуленің дәл де нәзік өзгеретінін көрсете білді. Импрессионизм өкілдері табиғаттағы құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, анық жеткізуге тырысты. Түстердің түрленуін алғаш көрсеткен де импрессионизм ағымы болды. Францияда 1870 жылдан бастап импрессионизм көркемдік әдіс ретінде қалыптаса бастады. Оның өкілдері өнердің қоғамдық мазмұнынан, бейнені жинақтау және типтендіру принциптерінен бас тартты. Дегенмен импрессионизм адамның өзін қоршаған ортадан алатын сезімдік әсерін, құбылмалы шақтарын, жарық пен атмосфераның ықпалынан зат түсінің өзгеруін дәл де нәзік беруде елеулі жетістіктерге жетті. Олар белгілі бір идеялы тақырыптарға немесе қатып қалған әдістемелі заңдылықтарға бой ұрмай, еркін, өздерінің қалауынша жаза білді. Кескіндемедегі құрылымды (композицияны) еркін құра білді. Импрессионизм образды сомдауда солқылдақтыққа, екі ұштылыққа ұрынып, суреттегі үйлесімділік дәлдігінен алшақтады. Импрессионизм өкілдері бояу қосындыларын қолданбай, тек “таза түстерді” пайдалануды талап ететін пленэр жүйесін жасады. Бұл әдістер импрессионизмнің жалғасы неоимпрессионизм (нео – жаңа) мен постимпрессионизмнен (пост-кейінгі) айқын сипат тапты. Неоимпрессионизмді өмірге әкеліп қалыптастырған Жорж Сера (1859 – 1891). Бұл бағыттағы суретшілер өзіндік жазу техникасын ойлап тапты. Олар кенепке қоспасыз таза бояуларды тең түсіру арқылы (Ж.Сера. “Гранд-Жат аралығындағы жексенбілік серуен” картинасында) жазды. Мұндай кескіндемелер мозаикамен түрлендіргендей әсер қалдырды. 19 ғасырдың аяғында импрессионизмге қарама-қарсы постимпрессионизм тарих төріне шықты. Оның ірі өкілдері, ұлы суретшілер Винсент Ван Гог (1853 – 1890), Поль Гоген (1848 – 1903), Поль Сезанн (1839 – 1906) болды. Импрессионистер, негізінен, кескіндеген затының сыртқы бейнесін шыншылдықпен бір сәттік сезімде жазса, постимпрессионистер өздерінің ішкі әлемін, жүрек сезімін бейнелеуге тырысты. Олар, көбінесе, таза ашық түсті бояуларды жиі қолданды (Ван Гог, Гоген). Ал Сезанн айнала қоршаған ортаны (заттарды, адамды, жан-жануарды, т.б.) геом. заттарға балай қабылдады (мысалы, тауды – үшбұрышқа, адам басын, алманы – шарға, т.б.). импрессионизмнің бір сәттік әсерлерге құру принциптері кескіндемеде Ван Гог, Дж.Уистлер, М.Либерман, К.А. Коровиннің, мүсін өнерінде М.Россо, П.П. Трубецкий және О.Роденнің шығармаларынан көрініс тапты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Импрессионист суретшілердің хронологиясы
Импрессионисттер <timeline> ImageSize = width:800 height:216 PlotArea = width:620 height:196 left:100 bottom:20 AlignBars = justify
Colors =
id:Manet value:lavender id:Bazille value:powderblue id:Monet value:lavender id:Renoir value:lavender id:Sisley value:lavender id:Pissarro value:powderblue id:Cézanne value:powderblue id:Cassatt value:lavender id:Morisot value:powderblue id:Degas value:powderblue id:Caillebotte value:powderblue
Period = from:1830 till:1930 TimeAxis = orientation:horizontal ScaleMajor = unit:year increment:10 start:1830 ScaleMinor = unit:year increment:10 start:1830
PlotData=
align:center textcolor:black fontsize:8 mark:(line,black) width:16 shift:(0,-5) bar:Pissarro color:Pissarro from: 1830 till: 1903 bar:Manet color:Manet from: 1832 till: 1883 bar:Degas color:Degas from: 1834 till: 1917 bar:Sisley color:Sisley from: 1839 till: 1899 bar:Cézanne color:Cézanne from: 1839 till: 1906 bar:Monet color:Monet from: 1840 till: 1926 bar:Bazille color:Bazille from: 1841 till: 1870 bar:Renoir color:Renoir from: 1841 till: 1919 bar:Morisot color:Morisot from: 1841 till: 1895 bar:Cassatt color:Cassatt from: 1844 till: 1926 bar:Caillebotte color:Caillebotte from: 1848 till: 1894
LineData=
at:1840 color:black width:0.5 layer:back at:1850 color:black width:0.5 layer:back at:1860 color:black width:0.5 layer:back at:1870 color:black width:0.5 layer:back at:1880 color:black width:0.5 layer:back at:1890 color:black width:0.5 layer:back at:1900 color:black width:0.5 layer:back at:1910 color:black width:0.5 layer:back at:1920 color:black width:0.5 layer:back at:1930 color:black width:0.5 layer:back
</timeline>
Музыка саласында импрессионизмнің негізін салушы К.Дебюсси болды. Ол музыканың бейнелеу тәсілдеріне (оркестрге түсіру, фортепьянолық фактура жағынан) көптеген жаңалықтар енгізді. Әсіресе, музыканың ладтық негізін, гармониясын өзіндік әдіспен көмескілеп беруге тырысты. Кейін көрнекті музыка шеберлері (Францияда М.Равель, Испанияда М. де Фалья, т.б.) импрессионизмге тән нәзік әуенді тамаша эстетикалық туындылар жазды.
Әдебиетте импрессионизмнің белгілері ағайынды Э. және Ж.Гонкурдың, А.Шницлердің, Г.Гауптманның; театрда реж. А.Антуанның, М.Рейнхардтың, Ф.Ф. Комиссаржевскийдің, актерлер Г.Режанның, С.Моиссидің, П.Н. Орленевтің шығармашылықтарынан кезігеді. Импрессионизм – негізінен, өнерді жаңа қырынан көрсетіп, көптеген жаңашыл, асыл мұраттарға жеткен өнер ағымы. Кеңес заманында импрессионизм ағымындағы өнер бағаланбады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref><ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify