Империя конференциялары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Империя конференцияларыҰлыбритания және доминиондар өкілдерінің (әдетте премьер-министрлердің) конференциялары.

1911 жылдан доминиондар рөлінің артуына байланысты шақырыла бастады. 1926 жылғы Империя конференциялары доминиондардың ішкі, сыртқы саясатта толық дербестігін ресми түрде танып, олардың мемлекет құқықтық мағынада Ұлыбританиямен тең екенін жариялады. 2 дүниежүзілік соғыс жылдарында Империя конференциялары орнына премьер–министрлердің мәжілістері (1946, 1948, 1949), ал содан соң премьер–министрлердің Ынтымақтық конференциялары (1951, 1953, 1955, 1956, 1957, 1958, 1959, 1960, 1961, 1962) шақырылатын болды. 1949 жылғы конференцияда Үндістанның республика болып жарияланғалы отырғанына байланысты Ынтымаққа мүшелік шарты ретіндегі “жалпыға ортақ тәжге берілгендік” ережесін өзгерту туралы шешім қабылданды. <ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974, 5 том.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер