Императивтік мандат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Императивтік мандат, аманаттық мандатконституциялық құқықта өкілетті органның депутаты сайлаушылардың аманатын арқалап, өзінің өкілеттілік мерзімі біткенше олардың алдында жауапты болуға тиіс екені баяндалған ереже.

Мұндай жағдайда сайлаушылар сенімін ақтамаған депутатты мерзімінен бұрын кері шақырып алу мүмкіндігі заң жүзінде бекітіледі. Императивтік мандат “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған, бірқатар авторитарлық мемлекеттерде әлі бар. Демократиялық мемлекеттерде императивтік мандат ұлттық өкілеттілік принципіне қарама-қайшы келетіндіктен қолданылмайды. Әйтсе де Германия парламенті палаталарының бірі – бундесратта императивтік мандат нышаны бар; сайлаушылардың дауыс беруі арқылы емес, федерация үкіметінің ұсынуымен сайланатын бұл палатаның депутаттары өз үкіметінің нұсқауларын іске асыруға тиіс. Қазақстанда Парламент депутаты қандай да болсын аманаттық мандатқа тәуелді емес.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Императивтік мандат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}