Иммуноэлектронды зерттеу
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Иммуноэлектронды зерттеу — вирустарды зерттеу әдісі. Электрон микроскопының көмегімен антиген-антидене комплексін табу. Оларды көрнекті ету үшін ауыр металл тұздарын қолданады. Бұл тұздар объектінің гидрофилдік жерлеріне өтіп, ондағы су молекулаларының орнын алады. Осының нәтижесінде электрон тығыздығы ұлғайған объект микроскопта жақсы көрінетін болады. <ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>