Иммунологиялық есте сақтау

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Иммунологиялық есте сақтау (Жады) — иммундық жүйенің ерекше қасиеті. Организмнің иммундық жүйесінің, тәнді немесе туыстас антигенмен екінші рет қайталап кездескенде антиденелердің титрінің тез өсуімен немесе сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің тез көбеюімен жауап беру қабілеті. Иммунологиялық есте сақтау көп жағдайларда жылдарға созылады және бұл қасиет қандағы да, торшадағы да иммунитетке тән. Иммунологиялық есте сақтауды иммунды қан берушіден иммунсыз қан алушыға тірі лимфоциттерді құю немесе қүрамында «тасымалдау факторы» бар лимфоциттер сығымдарын немесе иммунды РНҚ енгізу арқылы беруге болады. <ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub