Иммунды диффузия реакциясы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Иммунды диффузия реакциясы — серологиялық диагноз қою әдісі. Антиген мен антидененің агар немесе агарозадан жасалған қоймалжың қою ортада преципитат құрауына негізделген. Бөлек ұяларға антигендермен сарысу құйғанда, олар кездесіп көмескі ақ жолақ түріндегі преципитат жасайды. ИДР сезімталдығы аз, антиген мен антиденені көп мөлшерде керек етеді, өйтпесе преципитаты көрінбейді. Әдетте екі түрге бөлінеді — сызықты және шашыраңкы.
<ref>Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X</ref>
Дереккөздер
<references/>