Имиджелогия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Имиджелогия (іmage – бейне, logos – ғылым) – саяси технологияларды, ондағы процестер мен құбылыстарды, саяси тұлғаның жетекшілік қабілеттерінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейтін саясаттану ғылымының саласы.

Имиджелогия өз алдына ғылым саласы ретінде 20 ғасырдың 50-жылдарының соңында қалыптасты. Имиджелогия саясаттану ғылымының жалпы методологиялық парадигмаларына сүйене отырып, саяси білімдерді жинақтап қорытады, саяси қарым-қатынастар мен процестің даму тәжірибесін, саяси ин-ттардың қызметін сараптайды, саяси жетекшіліктің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, саяси интеллигенцияның жай-күйін, биліктің ресурстары мен оның түрлерін, т.б. зерттейді. Имиджелогияның қалыптасуы мен дамуы саяси құндылықтар мен саяси қарым-қатынастардың жаңа формаларының қалыптасуына және әр түрлі нақты тарихи типтегі мәдениеттерде саяси жетекші қызметінің алуан түрлі көрініс алуымен тікелей байланысты. Ол, көбінесе, уақытқа, нақтылы тарихи жағдайларға, қоғамдағы үстем идеялық-саяси көзқарастардың жүйесіне, адамдардың жеке басының даму деңгейіне, дүниетанымына, саяси мәдениетіне тәуелді. Имиджелогия мәліметтер жинаудың әр түрлі әдістерін (кешенді социология зерттеулер, сауалнамалар, саяси кейіпкерлерді, тарихи хабарларды сараптау) қолданады. Соңғы кездері саяси жетекшілердің бейнесі мен өмірбаянын жүйелі психологиялық бейнелеу әдісі кеңінен қолданылып келеді. Имиджелогия өзінің үлгілері мен әдістерін саяси ғылымдардың барлық жүйесінен алады. Саяси имиджелогияның әдісі имиджмейкинг – саясаткерлердің саяси орны мен беделін анықтауға мүмкіндік береді. Сол арқылы саяси жетекшілікке бәсекелестер өздерінің бағдарламалары мен оларды жүзеге асыру жолдарын таңдай алады. Насихат, саяси жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеке тұлғаның ойлау кейпін, әлеуметтік бағытын танытып, оны саяси жетекші ретінде қалыптастырады. Саяси жетекшінің бет-бейнесін жасаушы маман – имиджмейкер оның саяси кеңістіктегі орнын қамтамасыз етеді. Имиджмейкердің міндеттері: адамның мінез-құлқы заңдары негізінде болуы мүмкін тенденцияларды анықтау және олардың салдарын болжау, дау-дамай мен түсінбестіктердің алдын алу, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіру.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Имиджелогия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}