Иманәлі Оспанұлы Байдәулет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иманәлі Оспанұлы Байдәулет (1948 жылы туған, Арыс қаласы) – ғалым, медицина ғылымдарының докторы (2003), Москва медицина институтын бітірген (1972). 1972 – 1973 жылдары облыстық ауруханада интерн-дәрігер. 1973 – 1975 жылы Алматы қаласындағы әскери бөлімде медицина пунктінің бастығы, 1975 – 1976 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтында стажер-ізденуші. 1976 – 1977 жылдары облыстық ауруханада дәрігер ординатор, 1977 – 1984 жылдары бас дәрігердің орынбасары. 1984 – 1988 жылдары облыстық аурухананың неврология бөлімшесінің меңгерушісі. 1988 жылдан Шымкент қаласы «Фосфор» медицина-санаторлық бөлімінде бас дәрігер, 1989 – 1992 жылдары қалалық аймақтық медицина бірлестігінің бас директоры, 1992 – 1993 жылдары облыс әкімінің денсаулық сақтау жөніндегі орынбасары. 1993 – 1996 жылдары «Фосфор» медицина санаторлық бөлімінің бас дәрігері болды. 1997 – 2003 жылдан Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі клиника директоры. 70-тен аса ғылыми еңбектің авторы. Облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен (1999), Қақазстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», Қақазстан Республикасының «Білім саласының құрметті қызметкері» (2001) медальдарымен марапатталған.

Сыртқы сілтемелер

<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref> <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иманәлі Оспанұлы Байдәулет|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}