Илья Яковлевич Сьянов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Илья Яковлевич Сьянов (1905, Қостанай облысы Әулиeкөл ауданы Әулиекөл кенті - 4.4.1988, Қостанай қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант. Орысша Орынбор жұмысшы факультетін бітіріп, Қостанай, Алматы қалаларында жетекшілік қызметтерде болды. Кеңес әскері қатарына Қостанай қалалық әскери комиссариаты арқылы 1942 жылы шақырылды. Ол 1942 жылы Старая Русса (Ресей, Новгород облысы) қаласы маңындағы және Прибалтика жерлерін азат етудегі шайкастарға қатысты. 1945 жылдың 16 сәуірінен бастап Берлин қаласы үшін болған шайқастарда 1-Беларусь майданы 3-екпінді армияның 79-корпус жауынгерлері жаудың орталық секторындағы қорғанысын бұзып, қала ішіне кірмек болды. Басқа полктермен бірге 150-дивизия 756-полкінің бірінші шабуыл жасау ротасын Сьянов басқарды. 28 сәуірде жараланған командирін алмастырды. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғ. Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Сьяновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.5.1945).<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Илья Яковлевич Сьянов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}