Илья Бахтия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Илья Бахтия (Илья Молотов)<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> (1932-1988) 18 наурызда Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Кіші Дихан ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген.

Жұмыс баспалдағы

Мектепте мұғалім, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының үйғыр әдебиеті бөлімінде редактор, Қазақ радиосында тілші болып істеді. Алғашқы өлеңдер жинағы «Достарға тарту» деген атпен 1955 жылы жарық көрді. 1958 жылы «Мой Гюлстан» деген өлеңдер кітабы орыс тілінде шықты. Ол ұйғыр тіліне А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, А.Құнанбаевтың, С.Сейфуллиннің, Р.Ғамзатовтың бірсыпыра өлеңдерін, Ә.Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш — орман емес» драмасын аударған.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармалары

  • Достарға тарту. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1955;
  • Менің арманым. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1958;
  • Қайнар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1961;
  • Тянь-Шаньжігіті. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963;
  • Тянь-Шань жыры. А., «Жазушы», 1966;
  • Іле өңірінде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973;
  • Өтеді өмір осылай. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981;
  • Өмір өткелдері. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1982.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}