Илахун Хуршида

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Илахун Хуршида - 1940 жылы ҚХР-дың Құлжа қаласында туған. Үрімші қаласындағы Шыңжаң ұлттар институтының агроном дайындайтын факультетін бітірген. 1963 жылы Қызылорда облысының «Бірлік» кеңшарына көшіп келіп, ол жерде агроном болып қызмет атқарды. 1970 жылдан бастап Алматыдағы «Коммуниз туғи» («Үйғыр авази», «Йеңи һаят») газетінде тілші болып істейді.

Он екі жасынан өлең жазған. 1953 жылы тұңғыш өлеңі Құлжа қаласындағы «Или» газетінде жарық көреді. Студент кезінде Шыңжаңдағы газет-журналдарда өлеңдері басылып тұрған. Ақынның шығармашылығының кең өріс алған кезеңі — Қазақстанға көшіп келгеннен кейін. «Жазушы» баспасынан 1970 жылы «Мәдһийә» (топтама жинақ), 1978 жылы «Тыр-налар», 1983 жылы «Анилар ава-зи», 1988 жылы «Бесік жыры» жинақтары, «Мейірбұлақ», «Намаз дөң», «Исъян» дастандары жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз», «Пәрваз», «Арзу» журналдарында өлеңдері басылып тұрды.

Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының және М. Әуезовтің 100 жылдығына арналған ұйғыр ақындар мүшәйрасы-ның жүлдегер!.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}