Икрами Жалол

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Икрами Жалол (1909-1993), тәжік жазушысы. Тәжікстанның халық жазушысы (1979). «Өзімді айыпты санаймын» деген романы (1957) бұрынғы Одақ бойынша көптеген пікір таласын, айтыс, дау туғызды. Бұл дау-дамайға Әуезовте қатысып, өзінің «Ж.Икрамидің жаңа кітабы жайында» атты мақаласын жазды («Коммунист Таджикистана», 1957, 24 сәуір). Онда жазушының өз кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін ашудағы шеберлігін, табиғатты суреттеудегі өзіндік мәнерін айта келіп, романның кейбір кемшіліктерін деатап көрсеткен. Қазақ жазушының осы мақаласынан кейін роман төңірегіндегі айтыс-тартыс басылып, Икрамидің бұдан кейінгі шығармашылық тағдырына көп көмегін тигізді. Ал Икрами «Қымбатты да құдіретті жазушы» атты мақаласында (1957) қазақтың ұлы қаламгерін 60 жылдық торқалы тойымен шын жүректен құттықтап, Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясына әділ бағасын берді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Икрами Жалол|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}