Изотоптық генератор

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:One of Cassini's GPHS-RTGs.jpg
Кассини зондының радиоизотоптық генераторы

Изотоптық генератор – радиоактивті изотоп энергиясын электр энергиясына түрлендіретін термоэлектрлік генератор.


Термоэлектрлік генераторлар нуклеидтердің радиоактивтік ыдырауы нәтижесінде бөлінетін жылуды электр энергиясына түрлендіреді. Термоэлектрлік түрлендіргіш шала өткізгіш элементтерден жасалады. Оның бір беті жылу әсерінен қызса, екінші жағы радиациялық сәуле шашу негізінде суынады. Осы пайда болған температуралар айырмасынан Зеебек-Пельтье-Томсон эффектісі негізінде электр тогы туады. Изотоптық генератор қуаты бірнеше КВт-қа дейін жетеді. Оның жұмыс мерзімі пайдаланылатын изотоптың жартылай ыдырау периодына және термоэлектрлік түрлендіргіштің сипаттамаларына тәуелді.

Изотоптық генератор ғарыштық ұшу аппараттарының қуат жүйесінде электр энергиясының көзі ретінде пайдаланылады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Изотоптық генератор|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}