Изотерма
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Ideal gas isotherms.png
p, V координатындағы изотермиялық процесстер графигі
Изотерма (грекше изо... және therme – жылу) – изотермалық процесті кескіндейтін термодинамикалық күй диаграммасындағы сызық. Идеал газ изотермасының теңдеуі:
- <math>pV = const</math>, мұндағы <math>p</math> – газ қысымы, <math>V</math> – газ көлемі.
<math>p, V</math> координаттарында изотерманың графигі – гипербола. Реал газ үшін изотерманың теңдеуі күрделі болып келеді. Ол теңдеу қысым аз немесе температура жоғары болғанда ғана идеал газ изотермасының теңдеуіне ауысады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>
Тағы қараңыз
Сілтемелер
<references/>