Изопреноидты көмірсутектер (изопренандар)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Өсімдіктердің хлорофилдері құрамына кіретін қанықпаған С20Н39ОН формулалы фитол спиртінің метилдік топтарының алма-кезек ауысуымен сипатталатын изоалкандары, яғни циклді емес (ашық тізбекті) табиғи изопреноидтарының ылғалданған баламалары. Бұл көмірсутектерге фитан, пристан, С1418 тізбектегі 2, 6, 10-триметилалкандар, С913 тізбектегі 2, 6-диметилалкандар кіреді. Көмірсутектердің бұл тобының мұнайлар мен таушайыр тектестері құрамындағы жалпы мөлшері 3-4 %, тіпті одан да көбірек болады; бұл мөлшер оларға изомерлі болып келетін, құрылысы изопреноид емес изоалкандардың мұнайлар мен таушайыр тектестері құрамындағы үйірімділігінен әлдеқайда жоғары. Мұнай мен таушайыр тектестері құрамында әсіресе көбірек кездесетін изопреноидты көмірсутектер - фитан мен пристан (бүкіл изопреноидты көмірсутектердің 30-40 %-ын құрайды).<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}