Изолецитті жұмыртқа жасушасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Изолецитті жұмыртқа жасушасы(Үлгі:Lang-la ovumжұмыртқа, isos — бірдей, біркелкі, lecytosсарыуыз) — жұмыртқа сарыуызының мөлшері аз және ол жасуша цитоплазмасында біркелкі таралып орналасқан аналық жыныс жасушасы (овоцит).

Изолецитті жұмыртқа жасушасы — қандауыршаға (ланцетникке), адам және сүтқоректі жануарларға (жұмыртқа салушы сүтқоректілерден басқаларына) тән. Ланцетниктің дернәсілі (балаңқұрты) бірінші күннен бастап өз бетімен қоректенеді. Сүтқоректілер ұрықтары жатырда дамитын болғандықтан, жұмыртқа жасушасында сарыуыз қорын көп жинақтаудың қажеттілігі жоқ. Ұрық бірінші күннен бастап енесінің организмі арқылы қоректенеді. Изолецитті жұмыртқа жасушасынан пайда болған ұрықта (зиготада) бөлшектену процесі толық жүреді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub