Иесіз мүлік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иесіз мүлік, азаматтық құқықта – меншіктенушісі жоқ (мысалы, меншіктенуші иеліктен ерікті түрде бас тартқан ретте) немесе меншіктенушісі белгісіз мүлік. Сондай-ақ, талап етілмеген жүктер, пошталық жолданымдар (сақтаудың белгіленген мерзімі өтіп кетуіне орай), талап етілмеген олжа, т.б. иесіз мүліктер болып табылады. Әдетте, иесіз мүлікті жергілікті қаржы органы есепке алады. Есепке қабылдаған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін (меншік иесі келмесе) қаржы органының өтініші бойынша сот иесіз мүлікті не мемлекеттің меншігіне береді, не оны иеленуге уәжі бар дәмелі ұйымдарға, жекелеген азаматтарға табыстайды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Азаматтық заңнама бойынша — меншік иесі жоқ, сондай-ақ меншік иесі белгісіз мүлік, зат, не меншік иесі меншіктену құқығынан бас тартқан зат.

Иесіз қозғалмайтын мүліктер мен заттарды мемлекеттік тіркеу жүргізетін органдар жергілікті атқарушы органның мәлімдеуі бойынша есепке қабылдайды.<ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref>

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:Stub:Заң {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иесіз мүлік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}