Идрис әулеті
Үлгі:Infobox former country Идрис әулеті, 8 ғ-дың аяғы – 10 ғ-да қазіргі Марокко аумағында билік жүргізген. Әулет пен мемлекеттің негізін қалаған Ыдырыс ибн Абдаллах (788 – 92 ж. билік жүргізді) Арабия түбегіндегі жергілікті тайпа көсемдерінің бірі болатын. Аббас әулетіне қарсы бас көтеріп, сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Арабиядан Мароккоға қашып келіп, 789 ж. Фес қаласының негізін салды. Оның мұрагері Ыдырыс ІІ тұсында (792 – 828 ж. билік етті) бұл қала Ыдырыс әулеті билеген мемлекеттің астанасына айналды. Ыдырыс ІІ қайтыс болғаннан кейін, мемлекет ұсақ иеліктерге бөлініп, 974 ж. оларды Кордова халифатының әскерлері жойып жіберді. 1010 ж. Ыдырыс әулетінің алыс ұрпағынан тараған хаммудшылар Малага мен Альхесирасты иеленіп, 1057 жылға дейін еншілі билеушілер ретінде патшалық құрды. Ыдырыс әулетінің Мароккодағы ұрпақтары өте көп және олар күні бүгінге дейін ықпалды топ болып отыр.
Сілтемелер
- Жюльен Ш.А., История Северной Африки, т. 2, М., 1961;
- Африка, энциклопедический справочник, т. 2, М., 1987.