Идиш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Yidish-dialects-ru.png
Идиш тілінің диалекттері

ИдишЕуропада (соның ішінде ТМД-да), Америкада, Оңтүстік Африкада және Израильда тұратын еврейлердің бір бөлігінің тілі. Идишта 4 млн-дай еврей сөйлейді.

1-дүниежүзілік соғысқа дейін идиш тілінде 11 – 12 млн-дай адам сөйлеген. Бұл тіл 12 – 13 ғасырларда қалыптаса бастады. Ол көне еврей тілі мен неміс диалектілерінің және семит, славян тілдерінің кірігуінен пайда болды. Идиш шартты түрде поляк, украин, литва-белорус диалектілеріне бөлінеді. Идиш тілінде 21 дауыссыз, 5 дауысты, 3 дифтонг дыбыс, зат есімінің үш род категориясы, 4 түрлі септік жалғауы бар. Жазуы көне еврей әліпбиіне негізделген. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріп қолданылмайды. Лексикасында неміс және славян, т.б. тілдерден енген сөздер жиі ұшырайды. Зат есімнің қай род екені белгілілік артиклімен, сын есімге жіктеу есімдігінің тіркесіп келуі арқылы беріледі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Тағы қараңыз

Сілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Идиш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}