Игнимбрит
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Игнимбрит (лат. ignis — от, imber — нөсер) — 1) әдетте қышқыл не орта құрамды жанартаулық тау жынысы. Жанартау шынылары мен туфтардың бөлшектерінің балқып бітісуінен пайда болған; 2) Құрылымы мен бітімі ингимбриттік геологиялық денелер; жатыс нысаны лавалық жамылғыға ұқсас, аумағы ондаған мың шаршы км-ге жетеді.
Игнимбриттік құрылым
Игнимбриттерге тән құрылым; онда жанартаулық шынының майда сынықтары бір-біріне жабысып, минерал түйірлерін айналып өтіп, тау жынысықа жолақты- ағынды бітімдес болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref>
Дереккөздер
<references/>