Иван Иванович Гаранин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иван Иванович Гаранин 1945 жылы 9 мамырда Қостанай облысы Қостанай ауданы Соколовка ауылында туған. Орыс. Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының педагогикалық факультетін бітірген (1972), дене шынықтыру пәнінің оқытушысы. КОКП мүшесі (1976-1990).

  • 1968 жылдан - шаңғы жарысынан КСРО ұлттық құрама командасының мүшесі.
  • 1978 жылдан - облыстық ОРБЖМ шаңғы жарысынан жаттықтырушы-оқытушысы.
  • 1987 жылдан бері - жеке кәсіпкер. Халықаралық жоғарғы марафондардың 10 мәрте жеңімпазы: 90 шақырымдық Король жарысы (Швеция, 1997), 90 шақырымдық Кениг-Людвиг Лауфа (Германия, 1997), 70 шақырымдық Маргелонга (Италия, 1998), 52 шақырымдық Пинцка Лауф (Австрия, 1998) жарыстары; 54 шақырымдық халықаралық марафонның 2 мәрте жеңімпазы (Мурманск,

1996, 1997); 70 шақырымдық халықаралық марафонның 4 мәрте жеңімпазы (Кандалакша, 1992-1996); Әлем чемпионатының 4 те 10 шақырымдық эстафетасының күміс жүлдегері (Мюнхен, 1974); XV Қысқы олимпиадалық ойындардың 30 шақырымдық жарысы мен 4 те 10 шақырымдық эстафетасының қола жүлдегері (Инсбрук, 1976); ардагерлер арасында әлем чемпионы (Васа-Лопет, 2000). Шаңғы жарысынан халықаралық кластағы спорт шебері. Еңбек сіңірген спорт шебері (1976). «Құрмет белгісі» (1976), «Парасат» (2000) ордендерімен марапатталған.

  • Әскери атағы - капитан.
  • Діни көзқарасы - атеист.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - У. Черчилль.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеу, экономикалық көтерілу, тұрақтылық».
  • Хоббиі - шаңғы жарысы.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - XX ғасыр саяси қайраткерлерінің мемуарлары.

<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub