Иван Алексеевич Акулов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Akulov ia.jpg
Иван Акулов

Иван Алексеевич Акулов (1888 жыл 12 сәуір, Санкт-Петербург1937 жыл 30 қазан) – мемлекет қайраткері.

Еңбек жолы

  • 1905 жылы Санкт-Петербург сауда-өнеркәсіп мектебін бітірген. “Сауда-өнеркәсіп газеті” редакциясында кеңсе қызметкері, кәсіподақ комитетінде жұмыс істеген.
  • 1917 – 1918 жылдары Екатеринбург комитетінің хатшысы. 1918 жылы РК(б)П Орал облыстық комитетінің хатшысы.
  • 1918 – 1919 жылдары Орынбор, Вятск губерния комитетінің және Вятск губерния атқару комитетінің төрағасы.
  • 1920 жылдың қыркүйек - 1921 жылдың қазан аралығында РК(б)П Қырғыз (Қазақ) облыстық бюросының жауапты хатшысы қызметін атқарды.
  • 1921 – 1922 жылдары РК(б)П Қырым революциялық комитеті және облыс комитетінің хатшысы.
  • 1927 – 1929 жылдары Бүкілукраиндық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болды.
  • 1930 – 1931 жылдары КСРО халық комиссарының орынбасары.
  • 1931 – 1932 жылдары КСРО Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) төрағасының бірінші орынасары қызметін атқарды.
  • 1932 – 1933 жылдары Украина КП ОК-нің Донбас бойынша хатшысы қызметін атқарған.
  • 1933 – 1935 жылдары КСРО прокуроры болып жұмыс істеген.
  • 1935 – 1937 жылдары КСРО ОАК хатшысы қызметтерін атқарған.

Репрессия құрбаны болуы

1937 жылы 23 шілдеде тұтқынға алынып, 1937 жылы 30 қазанда контрреволюциялық әскери қастаңдық ұйымдастырды деген айыппен өлім жазасына кесілді. 1954 жылы ақталды.<ref> Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2006. - 768 б. ISBN 9965-26-175-X </ref>

Дереккөздер

Үлгі:References