Иван Александрович Аксёнов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Иван Александрович Аксёнов – орыстың және совет ақыны, әдеби және шығармашыл аудармашысы, сыншы. <ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%B2%D0%B0%D0%BD_%D0%90%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87_%D0%90%D0%BA%D1%81%D1%91%D0%BD%D0%BE%D0%B2</ref>

Өмірі

1884 жылы 18 (30) қарашада Путивльде дүниеге келген. Киев кадет корпусын, кейін 1905 жылы Мәскеудегі Николай әскери-инженерлік институтын тәмамдаған.

Қызметі

Киевтегі инженер жасағында қызмет еткен. Солдаттармен болған көтеріліске қатысқаны үшін Тобол губерниясына ауыстырылған. Киевтен оралған соң (1909 қараша) әдеби-шығармашыл ортамен араласа бастайды.

Н.С. Гумилёв және А.А. Ахматованың үйлену тойында шафер болған (25 сәуір 1910 жыл). Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан, Ақпан революциясы кезінде Румын фронтында қызмет еткен. 1917 жылы күзде орыс билігінің қолына түскен. Төрт ай бойы түрмеде отырып шыққан. Қазан революциясы кезінде азат етілген.

Шығармашылығы

1918 жылы Әдеби Кеңестің бөлімінің құрамына кіреді. С.М. Эйзенштейннің өмірбаяны туралы жазған алғашқы автор. Аудармашы, ақын қыз Сусанна Мармен отбасы құрған. Д.Д. Бурлюков, В.В. Маяковский, А. В. Лентуловтармен қосылып жаңа өнер туралы диспутқа қатысқан. 1917 жылдың басында «Пикассо и окрестности» атты алғашқы кітабы жарық көреді. Бұл әлемдегі алғашқы Пикассоның монографиясы болып саналады. «Серенада» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. «Елисаветинцы» атты аударма кітабын шығарады. Дж.Форд, Дж. Вебстер, С. Тёрнер, Бена Джонсон, Томас Хейвуд, Джон Флетчер, Томас Деккердің шығармаларын аударған.

Шығармалары:

  • • Аксенов И. А. Врубель, Врубель и без конца Врубель // Киевская неделя. — 1912.
  • • Аксёнов И. А. К вопросу о современном состоянии русской живописи — 1913.
  • • Аксёнов И. А. Неуважительные основания: Өлеңдер.М.: Центрифуга, 1916.
  • • Аксёнов И. А. Пикассо и окрестности: Монография. М., 1917.
  • • Аксёнов И. А. Елисаветинцы [: Сб. переводов: Джон Форд, «Как жаль её развратницей назвать»; Джон Вебстер, «Белый дьявол»; Карель Тёрнер, «Трагедия атеиста»; Envoi: «Новелла Россэ» ]. Вып.1 . М.: Центрифуга, 1916. — 299 с. — титул, обложка
  • • Аксёнов И. А. Коринфяне: Трагедия. М., 1918.
  • • Аксёнов И. А. Серенада: Өлеңдер.М.: Мастарчув, 1920.
  • • Аксёнов И. А. К ликвидации футуризма // Печать и революция. 1921. № 3, нояб.—дек.
  • • Аксёнов И. А., Мейерхольд Вс. Э., Бебутов В. М. Амплуа актёра. М., 1922.
  • • Аксёнов И. А. От переводчика [ «Великодушного рогоносца», 1922 ] / Публ. О.Фельдмана // Театр. 1997. № 6. С.172-173. Мейерхольдовский сб. Вып.2: Мейерхольд и другие / Ред.-сост. О. М. Фельдман. М.: ОГИ, 2000. — ISBN 5-900241-20-3
  • • [ Аксёнов И. А.: перевод ] Кроммелинк Ф. Великодушный рогоносец. М.; Л.: Гиз, 1926. — 126 бет т.б


Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}