Ибраhим Ата күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ибраhим Ата күмбезіОңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы маңындағы архитектуралық ескерткіш. Сайрамның солтүстік-батыс бөлігінің шетіндегі биік төбеде, Ақсу ауылына баратын жолдың бойында орналасқан.

Күмбез шамамен 16 – 17 ғасырларға дейін, Қожа Ахмет Иасауидің әкесі Ибраһим атаның қабірі үстіне салынған. Ибраhим Ата күмбезі ортағасырлық сәулет өнеріндегі күмбезді мазарлардың сақталып қалған ескерткіштерінің бірі болып табылады. Ішінара сылақ жүргізіліп, әктелген, әлденеше рет қайта салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бастапқы күмбезі бұзылған, оның орнына 20 ғасырдың басында табақ темірден төрт жағына тайқы шатыр орнатылып, ортасына шошақ күмбез салынған. Бір камералы құрылыс, жалпы жобасы шаршы келген. Өлшемі: 7,2x7,2 м. Солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс қасбеттері сәл шығыңқы, таяз қуыстары бар бірыңғай порталдармен безендірілген. Оңтүстік-батыс порталдың қуысына кіреберіс, ал пилондардың қанатына – тік бұрышты қуыстар жасалған. Ішкі қабырғаларына сылақ жүргізілген, еденіне кірпіш төселіп, цемент қосылған лаймен сыланған. Ішінде қабір қалдығы сақталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ибраhим Ата күмбезі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}