Ибраһим Бекмаханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ибраһим Бекмаханов<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> 1951 жылы 22 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылдық кеңесінде туған. 1981 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тамамдаған.

Жұмыс баспалдағы

Еңбек жолын 1968 жылы аудан орталығындағы N26 қазақ орта мектебін аяқтаған соң Чапаев атындағы колхозда (қазір «Ақтөбе» ұжымшары) колхозшы болу-дан бастаған. 19691970 жылдары киномеханик болған. 1973 жылы шоферлық курста оқып, 1974 жылы Қармақшы аудандық мәдениет бөлімінде шофер-механик болып жұмыс істейді. 1974 жылы Қармақшы аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде корректор, радиохабарын ұйымдастырушы, аға тілші, 19791984 жылдары Қармақшы аудандық атқару комитетінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, парткомның нұсқаушысы болып жұмыс істеген. 19841988 жылдар аралығында Торғай облыстық «Торғай таңы» газетінде тілші, аға тілші, 1988 жылы Жезқазған облыстық «Сарыарқа» газетінде тілші, мәдениет, ауылшаруашылы-ғы бөлімдерінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Жетістіктері

Қаламгердің бірнеше ұжымдық кітаптарға өлеңдері енген. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы жанындағы «Аққұс» шығармашылық бірле стігінен «Шапағат» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген. Сыр бойының атақты жырауы Тұлымбет Салқынбаевтың «Талайды таңырқатқан жырау едім» атты жинағын (1992) шығарған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub