Ибрахим Шәмшәтұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ибрахим Шәмшәтұлы (4 тамыз 1921 жылы туған, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төрткүл ауылы) – тарих ғылымдарының докторы (1979), профессор (1982). КСРО Оқу-ағарту ісінің үздігі (1978). Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының құрметті академигі (1996).
Қысқаша өмірбаяны:
- 1949 жылы Шымкент оқытушылар институтын (қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті) бітірген;
- 1952 жылы Қызылорда педогогикалық институтын (қазіргі Қызылорда мемлекеттік университеті) бітірген;
- 1941–1943 жылдары Қызылорда облысы Қармақшы ауылындағы мектепте мұғалім;
- 1946–1948 жылдары директор;
- 1949–1953 жылдары аудандық партия комитетінде меңгеруші;
- 1965–2001 жылдарыҚазақстан КП Орталық комитеті жанындағы Партия тарихы институтында (қазіргі ҚазҰПУ) доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарған.
- 200-ден астам ғылыми жарияланым мен 11 монографияның авторы.
- «Отан соғысы» орденімен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>