Ибрагим ата күмбезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ибрагим ата күмбезі - архитектуралық ескерткіш. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауылының маңындағы Сайрамның солтүстік-батыс бөлігінің шетінде биік төбеде, Ақсу ауылына баратын жолдың бойында орналасқан. Күмбез шамамен 16 - 17 ғасырларға дейін, Қожа Ахмет Иасауидің әкесі Ибрагим атаның қабірі үстіне салынған. Ибрагим ата күмбезі ортағасырлық сәулет өнеріндегі күмбезді мазарлардың сақталып қалған ескерткіштерінің бірі. Ішінара сылақ жүргізіліп, өктелген, әлденеше рет қайта салынып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бастапқы күмбезі бұзылған, оның орнына 20 ғасырдың басында табақ темірден төрт жағына тайқы шатыр орнатылып, ортасына шошақ күмбез салынған. Бір камералы құрылыс, жалпы жобасы шаршы келген. Өлшемі: 7,2x7,2 м. Солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс қасбеттері сөл шығыңқы, таяз қуыстары бар бірыңғай порталдармен безендірілген. Оңтүстік-батыс порталдың қуысына кіре беріс, ал пилондардың қанатында - тік бұрышты қуыстар жасалған. Ішкі қабырғаларына сылақ жүргізілген, еденіне кірпіш төселіп, цемент қойылған лаймен сыланған. Ішінде қабір қалдығы сақталған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}