Ибн әл-Фарид

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ибн әл-Фарид, Шараф әд-Дин Омар б. Әли Әбу Хафс (немесе Әбу-л-Қасым) әл-Мисри ас-Сади (1181 - 1235) - арабтың ірі мистик-ақыны. Каирде, Хама қаласынан шыққан мүлік бөлу жөніндегі іс жүргізушінің міндетін атқарушының отбасында туған. Ақынға танылған ибн әл-Фарид деген ат осыдан шыққан. Жас шағынан-ақ әкесі оны мұсылман дін ілімінің негіздеріне, діни тәжірибеге, сабырлылық тәртібіне және Құдайға құлшылық етуге, шафиғалық фикһқа тәрбиеледі. Хадиспен ол Ибн Асакира және әл-Мунзирдің басшылығымен танысты. Жасынан-ақ Ибн әл-Фарид жалғыздықты ұнатты, әкесінің рұқсатымен әл-Мукаттам атты төбеле жалғыз өзі тақуалық ойлар мен сабырлылыққа беріле отырып, аңызға сәйкес, жабайы аңдармен ғана тілдесті. Сопылыққа деген бейімділігіне қарамастан Ибн әл-Фарид шартты түрде Мысырдың ешқандай бауырластығына жатқан жоқ, оның ұстаздары сопылар болды деген деректер де жоқ. Ибн әл-Фарид он бес жылдай ғұмырын Хиджазда еткізді, өз еңбектерінің көпшілігін сонда жазды деген болжам бар. Каирге қайтып келген соң көп ұзамай Ибн әл-Фаридтің аты көпке танымал болып, Уәли атағын алды. Ол әл-Азхар мешітіне орналасты. Замандастарының айтуынша, бұл жерге оны іздел ақсүйектер де, жай халық та келіп тұрған. Әл-Мукаттам төбесінің етегіндегі оның зираты тәжім ету орнына айналды. Зираты осы күнге дейін сақталған. Ибн әл-Фаридтің көпке белгілі «әл-Хамрийа» және «Назм ас-сулук» атты екі мистикалық еңбегі, көптеген шағын шығармалары бар. Ақын сопылық ілімнің негізімен де, терминологиясымен де таныс болған. Алайда Ибн әл-Фаридтің өзінің ұлы замандасы ибн Арабиден өзгешелігі, оны әрі қарай өңдеу және дамыту жолын ұстаған. Ол талантты ақын ретінде дәстүрлі әдістер мен араб поэзиясындағы образдар арқылы өмірдің сан қырлы құбылыстарының арасында жасырынған өзінің бөлінбейтін тұтастық туралы сезімдерін жеткізуге тырысты. Егер ибн Арабидің шығармалары әр уақытта ұтымды жағдайлы көркемдеуге қызмет етсе, Ибн әл-Фаридтің поэзиясында бірінші орында сезім мен мистик, көңіл-күй тұрады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub