Ибн Бабуиа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ибн Бабуиа, аш-Шайх ас-Саддық Мұхаммед б. Әли Әбу Джафар әл-Кумми (т.ж.б. - 991 ж.ш.) - белгілі шиит діндары және факих, шиит аңызының білгірі. Кум шейхысының баласы Ибн Бабуиа жастайынан зор беделге ие болған. Шиит авторларының пікірінше, бүкіл Хорасанда шиттік аңыздарды одан артық білетін жан болмаған. 965 ж. Бағдатқа келіп Бундамимен жақындасқан соң белсенді үгітшілік қызмет жүргізген. Артында көптеген шәкірттерін және шығармалар қалдырған Ибн Бабуиа Рейде қайтыс болған. Ан-Наджаши Ибн Бабуианың 200-ғе жуық шығармасы барын айтады. Саналған 20 еңбеғінің жартысы жарық көрген. Ибн Бабуианың басты еңбегі - «Май ла йахдуруһу әл-факих» (шииттердің имамдық фикһтың қағидалары) деп таныған 4 аңыздар жинағының бірі. Бұл шығарманы жазуына әйгілі дәрігер ар-Разидің «Май да йахдуруһу ат-табиб» атты еңбегі көп әсер еткен. Ибн Бабуиа көптеген еңбектерін дін ілімінің өзекті мәселелеріне, шиит ілімінің негізін түсіндіруге арнаған. Оның «Акаид аш-шиа әл-имамийа» атты еңбегі, сондай-ақ оған түсіндірме ретінде әл-Муфид жазған «Шарх акаид ас-Садук ау Тасхик әл-итикад» атты шығармалары күні бүгінге дейін шииттік Исламның классик, мұрасына айналуда. Ибн Бабуианың шиит аңыздары туралы еңбектері, әсіресе «Маани әл-ахбар», «Уйун ахбар ар-Рида», «әл-Амали», т.б. шиит әлемінде үлкен беделге ие.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub