Ибалылық
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ибалылық – адамның мінез құлқындағы әдептілікті, ізеттілікті, арлылықты білдіретін ұнамды әрі жағымды қасиет. Ибалы адамды халық үнемі сыйлап құрметтеген, өзгелерге үлгі-өнеге етіп көрсеткен. Ибалылық адамның ақыл-ойы мен әдептілігін, білімділігі мен парасаттылығын, тәрбиелігі мен өнегелілігін көрсететін қылық болып табылады. Ізеттілік, әдептілік пен сыпайылық кімнің болса да жеке басының қадірін, адами қасиетін асырады.
Сілтемелер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том