Иакинф (Бичурин)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бичурин Никита Яковлевич (монахтық есімі — Иакинф) 29.8(9.9).1777, Қазан губ. Чебоксар у. Акулево с. — 11(23).5.1853, Санкт-Петербург] — шығыстанушы. Ұлты — чуваш (чаваш). Қазан діни академиясын бітірген (1799). 1800 жылы монахтықты қабылдады. 1807 — 21 жылы Ресейдің Қытайдағы (Пекиндегі) діни миссиясын басқарды.
Сурет:Bichurin Lhassa.jpg
Лхасаның жоспары (Бичуринның жұмысы)
Сурет:Nikita Bichurin grave.jpg
Бичуринның Санкт-Петербургтегі қабірі
Мұнда қытай тілін жетік меңгеріп, Қытай тарихы, географиясына қатысты бірқатар еңбектерді аударумен шұғылданды. Қытайдан оралған соң, Бичурин Валаам монастырына жіберілді. 1826 жылы Ресей сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің өтінішімен Санкт-Петербургке оралып, департаментте аудармашы болып қызмет атқарды. Бичурин Ресей ғылым академиясының корр. мүшесі (1828), Париждегі Азия қоғамының мүшесі (1831) болып сайланды. Ол Кяхтаға барған сапарынан (1830 — 32 жылдары, 1835 — 37 жылдары) тибет, моңғол кітаптарының жинағын, бұрхандар жөнінде құнды деректер әкелді. Бичуриннің Қытай деректерінің негізінде жазылған еңбектерінің дені Орта және Орталық Азияның түркі тілдес халықтары тарихына, этнографиясына, сонымен қатар ежелгі заманғы, ортағасырлық және жаңа заманғы Қытай тарихы, философиясы, мәдениетіне арналған. Бичуриннің 1851 жылы жарық көрген “Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена” аталатын көлемді еңбегінде Орталық Азия халықтарының этногенезі жөнінде құнды деректер берілген.

</span>

Дереккөздер

Үлгі:Rodovid

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Иакинф (Бичурин)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}