Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Зәмзігүл Нүсіпбайқызы Шәріпова (31 тамыз 1931 жылы, Алматы облысы Жамбыл ауданында туған) — советодағының және қазақстандық театр және кино актрисасы. Қазақ ССРнің Халық артисі. Қазақстанның мемлекеттік степендиясының иегері. М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық Драма театрының жоғарғы санаттағы драма артисі. Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталған (2005 жылы).

Өмірбаяны

1948 жылы Алматы театр училищесін бітірді. Сол жылдан бастап "Қазақфильм" студиясында және Қазақ радиосында қызмет етіп, дубляж бен радиоқойылымдарға қатысты. 1953ж. М.Әуезов театрының актерлік құрамына қабылданды. Сол уақыттан бері үзіліссіз осы театрда қызмет ететін, актерлік диапазоны кең актриса ұлттық драматургия бен дүниежүзілік классикадан сан қырлы 100-ден аса бейне сомдады.

Театрде ойнаған рольдері

Қазақ мемлекеттік академия драма театрыда алғаш ойнаған рөлдерінің бірі — Ә.Әбішевтің “Кім менің әкем?” атты драмасындағы Лағыл (1957). Бұдан кейін Ақтоқты (Ғ.Мүсірепов, “Ақан Сері - Ақтоқты”), Айман (М.Әуезов, "Айман - Шолпан"), Айжан (С.Мұқанов, "Шоқан Уәлиханов"), Дездемона ([[Шекспир|У.Шекспир, "Отелло") сияқты арулар бейнесін жасап, лирикалық сезім-бояуы мол актриса екенін танытты. Әсіресе, Шәріпованың шығармалық өнер ғұмырнамасында Қарагөз (Әуезов, “Қарагөз”) рөлі үлкен орын алады. Бұл рөлі арқылы актриса жас ару Қарагөздің борыш пен сезім арасындағы аласұрған жан қайғысы мен трагедиялық тағдырын психологиялық-эмоциялық тұрғыдан зор шеберлікпен ашып, ұмытылмас толыққанды сахналық бейне жасады. Шәріпова драмалық, өткір мінезді, комедиялық рөлдерде де ойнап, өзінің сан қырлы сахна суреткері екенін байқатты: Қарлығаш (Әуезов пен Л.С. Соболев, "Абай"), Дәмеш (Ә.Тәжібаев, "Көңілдестер"; Ш.Хұсайынов, "Қилы-қилы тағдырлар"), Нұрсұлу (Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаев, "Беу қыздар-ай" мен "Ой, жігіттер-ой"), Пүліш (Б.Майлин, “Майдан”), Ажар, Валентина Николаевна (С.Жүнісов, “Ажар мен ажал” және “Кемеңгерлер мен көлеңкелер”), Айша (Т.Ахтанов, “Сәуле”), Назгүл, Гүлзар, Фариза (Әбішев, “Күншілдік”, “Белгісіз батыр” мен “Кәусар”), Бикеш (Қ.Мұқашев, “Парторг”), Айнаш (Ш.Құмарова, “Кімнің тойы?”), т.б. Ш. әрбір рөлімен өзіне тән әдемі де әрлі, баурап алар тартымды, ашық та айқын дикциясы, әсерлі де әуезді әншілік пен эмоц. тебіреніске толы дауыс үні мен пластик. қимыл-әрекеті арқылы көркем сахналық бейнелерді шынайы кескіндеді. ТМД және шет ел драматургиясының туындылары бойынша қойылған спектакльдерде де ерекше көзге түсті: Саттыхан, Бахри (С.Ахмад, “Келіндер көтерілісі” мен “Күйеу”), Үкібала (Ш.Айтматов, “Ғасырдан да ұзақ күн”), Эллен (И.П. Куприянов, “Вьетнам жұлдызы”), Каплан (А.Я. Каплер, “Ленин 1918 жылы”), Ганна (А.А. Дударев, “Кеш”), Елена (А.М. Горький, “Күннен туғандар”), Анита (В. Дельмар, “Өкінішті өмір”), Әкім әйел (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”), т.б. Кезінде ол көптеген дубляжға және радиоқойылымдарға қатысып, көркем сөз оқумен де (Әуезов, Мүсірепов, С.Сейфуллин, т.б. жазушылардың шығармалары) шұғылданды.

Кино рөлдері

Нұржамал (“Өжет қыз”, 1955), Дина (“Біз осында тұрамыз”, 1957), Хадиша (“Өмір жолы”, 1961), Прокурор (“Шыңдағы шынар”, 1965), Қарлығаш (“Абай” телефильмі, 1976), Бәлзия (“Заман-ай”, 1997), т.б. 1958 ж. Мәскеу қ-нда өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты.

Марапаттары

  • 1959 жылы "Қазақ ССРның еңбек сіңірген артисі"
  • 1966 жылы "Қазақ ССРның Халық артисі" құрметті атақтары берілді.
  • 1959 жылы "Құрмет белгісі" ордені
  • 1981 жылы "Халықтар достығы" ордені
  • 2005 жылы ҚР тұңғыш президентінің жарлығы бойынша ең жоғарғы «Отан ордені» мен марапатталған.
  • Бірнеше дүркін Қазақ КСР жоғарғы кеңесінің "Құрмет" грамоталары мен марапатталған.
  • Көптеген медальдардың иегері.
  • 2016 жылы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub