Зәкәрия Жүсіпқалиұлы Сисенғалиев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сисенғалиев Зәкәрия Жүсіпқалиұлы (23.07.1957 жыл, Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылы) — ақын, журналист.
Өмірбаяны
- 1988 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген.
- 1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын бітірген.
- 1977-1989 жылы аудандық «Жаңарған өңір» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы.
- 1991-1992 жылы облыстық «Орал өңірі» газетінің меншікті тілшісі.
- 1992-1993 жылы аудандық «Жаңарған өңір» газетінің редакторы болды.
- 2001 жылдан Жаңақала аудандық әкімінің орынбасары.
«Әнім сенсің, Жаңақала» атты өлеңдер жинағы (А., 2001) шыққан. Сисенғалиевтің 30-дан аса өлеңіне Ә.Бейсеуов, Б.Жұманиязов, Д.Қажымов, Т.Шәмелов, т.б. композиторлар ән жазған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>
Дереккөздер
<references/>