Зәкария Сағындықұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Зәкария Сағындықұлы (т. ж. б., Маңғыстау облысы – 1931) – ақын. Бала кезінен Абыл, Махамбет, Аралбай жырларын жаттап, Қашаған, Ақтан ақындардан өнеге алады. Зәкария жиын-тойларда жыр айтып, күй тартып, ән салып, өз өнерпаздығымен елге кең танылады. Қазан төңкерісінен кейін елді отырықшылыққа үндеп, бірқатар ауылдарды Ойыл төңірегіне – Сулыкөл, Наршөккен, Қоғалыкөл, Қоңырсай мекендеріне қоныстандыра бастайды. Оның бұл игі ісін шолақ белсенділер теріс түсіндіріп, жалған жаламен кеңестік кезеңнің кәріне ұшырайды. 1928 – 30 ж. Ойыл түрмесінде отырып, 1930 ж. он жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылады. Зәкария жазықсыз жаламен қапаста отырып шығарған «Адамзаттың баласы», «Құдіреті күшті құдайым», «Адай деген ел едік», «Көлденең жатқан Маңғыстау», «Шатылу бүгін емес, бұрыннан бар», т.б. жыр шумақтарында өткен дарқан күндерді еске алып, елдің рухын, бағзы тұрмысын армандай толғайды. Қадірлес досы Мамай Салғараұлына өлең-хат түрінде жолданған ыза мен мұңға толы тебіреніс-толғаулары ел арасына кең тараған. Толғаулары мерзімді баспасөз беттерінде және «Қапаста жазылған хаттар» (А., 1992), «Жыр-дария» (Ақтау, 1995) жинақтарында жарық көрген.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

  • Сыдиықұлы Қ., Халқымен қайта қауышқандар, А., 1997

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub