Зұқа Сәбитұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Біріктірілсін Зұқа Сәбитұлы (1867, Зайсан көлінің маңы – 1928, Қытай, Көктоғай қонысы) – Қытайда тұратын қазақтар арасынан шыққан қоғам қайраткері, батыр.

Әкесі Сәбит Қазан мен Бұхарада білім алған оқымысты адам болған. Зұқа да әкесінің жолын қуып, 1883 жылдан бастап Сауырдағы Жеңісхан төренің ауылында екі жыл ауыл мектебінде мұғалім болады, кейін Өр Алтайға, Қара Ертіс бойына қоныс аударады. 1904 – 1905 жылдары Меккеге қажылыққа барып қайтады. Алтайдағы қытай ұлықтары мен кейбір билерден қысым көрген адамдар Зұқадан пана іздеп, оның маңына топтасады. Мұны Алтайды билеген Мәми бейсі жергілікті әкімшімшілік үстемдігіне қарсы пайдалануды көздеп, Зұқаға әскери жасақ құруға көмектеседі. 1921 жылы Кеңес өкіметінің қызыл әскерлерінен жеңіліп, Қытай асқан ақ гвардия генералы Бакич бастаған топ Ертіс бойына жетіп, ондағы халыққа лаң салған кезде Зұқа жасағы Бакич әскерлерін Өрмегейті асуынан асырып, Моңғолияға дейін ығыстырып тастайды. Кейін осы қарулы жасақ Сарсүмбе мен Өр Алтай арасында жергілікті әкімшіліктің қарулы жасақтарына қарсы тұрып, жергілікті қазақтарды қытай ұлықтарының қыспағынан қорғауға күш салды. 1928 жылы күзде жергілікті әкімшілік өкілдері 200 әскермен түн ортасында Зұқа ауылын басып кіреді. Қытай әскерлерінің қолынан қапыда Зұқа батыр мен оның серіктерінен 28 адам қаза табады. Қытай ұлығы “өкіметке қарсы шыққандардың көретіні осы” деп жергілікті қазақтарды үрейлендіру мақсатымен Сарсүмбе қаласындағы көпірге Зұқа батырдың басын іліп қояды. Батырдың ерлігін құрметтейтін халық кейін оны Белқұдыққа жерлеп, басына үлкен қорған тұрғызды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Зұқа Сәбитұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}