Зыряновск

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Зыряновск - Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында орналасқан, Зырян ауданының әкімшілік орталығы болып табылады. Қала халқы 2008 жылдың 01 қаңтарына алғанда 41085 адамды құрады. Қала негізі 1791 жылы салынған, қазіргі бар шекарасы 1941 жылы құрылған. Қала экономикасының негізін құрайтын - өнеркәсіп. Мұндағы пайдалы қазбалар өнеркәсіптің салалық бағытын айқындайды. Базалық саласы – кен өндіру. Қаланы құрып тұрған кәсіпорын «Казцинк» ЖШС Зырян кен байыту кешені. Қалада 7 өнеркәсіптік, 5 құрылыс кәсіпорындары, 1611 орта және шағын бизнес субъектілері қызмет етеді. Қала тіршілігін екі мемлекеттік кәсіпорын «Су Арнасы» мен «Жылу орталығы» қамтамасыз етеді.

Қала автобустық жолдар, темір жол арқылы жақын жатқан елді мекендермен және облыс орталығымен қатынасады. Негізгі жүк тасымалдау қызметін жолаушылар тасымалдау саласында – «Дилер Восток», жүк тасымалдау саласында – «Казцинк-Транс» ЖШС, «Колор» ЖШС атқарады. Көліктік қамтамасыз етумен «Эксперимент» ӨК, жеке кәсіпкерлер айналысады. Телефон байланысын «Қазақтелеком» АҚ Зырян аудандық телекоммуникация торабы қамтамасыз етеді. Орта және шағын бизнес кәсіорындары тамақ өнімдерін, тігін өнімдерін дайындаумен, сауда қызметін көрсетумен және т.б. айналысады. Қалада 5 жалпы білім беру мектебі, 2 бастауыш мектеп, 2 мектеп-интернат, 2 балабақша, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенттер мен оқушыларды жалпытехникалық және жоғарғы оқу орындарына дейін дайындайтын орталық, № 10 кәсіптік мектеп, Қ.Нұрғалиев атындағы колледж филиалы, «Гиппократ» медициналық колледжі, Аграрлық техникалық колледж, құрылыс және транспорт колледжі, «Тілдерді оқыту орталығы» КМҚК бар. Қаладағы денсаулық сақтауда 11 мекеме бар. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаменті» ММ «Орталық аудандық-қалалық аурухана» КМҚК, «Зырян қаласының медициналық орталығы» КМҚК, 3 алғашқы медико-санитарлық көмек орталығы бар. Қала халқы мен қонақтарына мәдени қызметті «Мәдениет орталығы», «Зырян ауданы-Зырян қаласының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» ММ, «Бос уақыт» КМҚК жүзеге асырады, спорт және музыка мектептері бар. Зырян қаласында өкімет және атқарушылық биліктің аудандық органдары бар: мәслихат және Зырян ауданы әкімінің аппараты, облыстық билік органдарының аудандық бөлімдері, қызметтері, аумақтық құрылымдары.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

ЗыряновШығыс Қазақстан облысындағы қала (1941 жылдан), темір жол стансасы, Зырянов ауданының орталығы. Өскемен қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде, Бұқтырма өзенінің сол жағалаулық аңғарында орналасқан.

Халқы

Тұрғыны 43,9 мың адам (1999).

Тарихы

Қала іргесінің қалануы 1791 жылы инженер Г.Зыряновтың осы өңірден қорғасын кенін ашу тарихымен тығыз байланысты. 1795 жылдан бастап қорғасын кені игеріле бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары Зырянов майдан үшін өте қажет қорғасын, мыс, т.б. өнімдерді көптеп жіберді.

Кәсіпорындар, мәкемелер

Қазіргі Зырянов – республикамыздағы түсті металлургия орталықтарының бірі. Қалада және оған қарасты әкімшілік аумақта “Қазмырыш” акционерлік қоғамының кен байыту комбинаты, “Полиметал кендерін өндіру және байыту” акционерлік қоғамы, Бұқтырма гидроэнергетикалық торабы, “Бұқтырма цемент компаниясы” акционерлік қоғамы, шұжық жасайтын “Зырянов – Ет” серіктестігі, “Зырянов сыра зауыты”, “Зырянов қалалық сүт зауыты”, бояу өндіретін “Колер” серіктестігі, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада Шығыс Қазақстан техникалық университетінің филиалы, 14 жалпы білім беретін мектеп, музыкалық және кәсіптік-техникалық мектеп, кеншілердің мәдениет сарайы, кітапханалар (3), стадион, 3 аурухана, 2 емхана, санэпидстанса, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, диагностикалық орталық бар. Тұрғындары облыс орталығы – Өскемен қаласымен темір жол және автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан қалалары Үлгі:Зырян ауданы елді мекендеріҮлгі:Kz-geo-stub