Зу-н-Нун әл-Мисри

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зу-н-Нун әл-Мисри, Әбу-л-Файз Саубан бин Ибраһим (796-860/61 ж. шамасы) - Мысырдағы ерте сопылық ілімнің көрнекті өкілі. Ол Ахмимде (Жоғарғы Мысыр) көп балалы нубийалык мауланың отбасында дүниеге келген. Оған Каирден шыққан Сағдун деген біреу ұстаздық еткен. Зу-н-Нун әл-Мисри өмірінің көбін Каирде өткізіп, дәрісті көп оқыған, Меккеге, Шайға, Антакияға саяхат жасаған. Мысырдағы белгілі маликит факихы, әрі тарихшы Абд әл-Хаким Зу-н-Нун әл-Мисриды сопылық ілімді уағыздағаны үшін кінәлады. Оның мистикалық ілімін «жалған жаңалық» деп қарады. Құранның шығуы туралы мутазилалық догмаға қарсы Зу-н-Нун әл-Мисри өкімет тарапынан қуғынға да ұшырады. Қайтыс боларының алдында ол Самарадағы халифа әл-Мутауаккилдің сарайына жеткізілді. Халифа тұтқынының шешендігі мен адалдығына тәнті болып, оны босатыл жібереді. Біраз уақытын Бағдатта өткізіп, жергілікті сопылармен араласып, көптеген шәкірттерге тәлім үйретті. Мысырға оралған соң көп ұзамай қайтыс болып, Гизада жерленді. Онда Зу-н-Нун әл-Мисри жүз елуге жуық шығарма жазды. Бізге оның нақылдары, ғақлиялары мен өлеңдерінің үзінділері жетті. Олардың тақырыптары, негізінен, насихаттық, о дүниені мадақтаушылық болып келеді. Көбінесе тақуалық өмір кешкен әулиелер марапатталып, тәңірімен жақындасуды басты мақсат тұтқан сопылар мұраты дәріптеледі. Сопы дәстүрі Зу-н-Нун әл-Мисриді тұрақ пен тұрмыс туралы ілімнің жұмбақ жолының негізін салушы деп санайды. Ол тәңіріні біліп болмайтынын ұдайы атап көрсетіп, оны адам бейнесінде елестетуді жоққа шығарды. Зу-н-Нун әл-Мисринің жырларында Құдайға деген сүйіспеншілік (махаббат) дәріптеліп, «тылсым тәнтіліктің» қайғы-зары бейнеленеді. Кейінгі сопылардың, әсіресе ас-Сухрауардидің шығармаларында Зу-н-Нун әл-Мисри «пифагоршы» - гректерден мирас етіп алған «мәңгі даналық» несі болып суреттеледі. Зу-н-Нун әл-Мисринің-рухани мирасқоры деп Саһл ат-Тұстари танылған. Әл-Джунайд, әл-Мухасиби мен ат-Тұстари сияқты Зу-н-Нун әл-Мисри да ең ірі беделді сопы болып саналады. Белгілі сопылық ғылыми шығармалардың көпшілігінің авторлары соған сілтеме жасаған. Зу-н-Нун әл-Мисринің идеяларын мұсылман мистиктерінің кейінгі ұрпағы үйреніп, одан әрі дамытқан. Сопылардың өмірбаян жинақтарында тақуа, көріпкел әрі алхимик Зу-н-Нун әл-Мисри кейде аңыз болып айтылады.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub