Зулкафил

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Зулкафилді тарихшылар Аюп Пайғамбардай туған, әкесінен кейін Пайғамбар болған дейді. Ол Пайғамбар емес, бәни Исраилден шыққан білімдар, жақсы адам еді дейтіндер де болған. Салих Арғы тегінен Нұх Пайғамбардың баласы Самнан тарайтын әулетке барып ұласады. Ол самудтықтарға жіберілген Пайғамбар. Самуд ежелгі ғад, журһум, медиин, каһстан сияқты араб тайпаларынан құралған қауым. Мекені Хижаз бен Шам арасындағы һижар алқабы. Сенімі жағынан пұтқа табынушы. Хақ Тағала оны самудтықтарды тура жолға бастауға, пұтқа табынбай, Аллаһтың бірлігін тануға, соған ғана құлшылық етуге иландыруға жіберген. Бірақ, қараңғы қауымның көпшілігі оны мойындамаған. Ол өзінің Пайғамбарлығының дәлелі ретінде, Аллаһқа сиынып, қара тасты қақ жарып, бір аруана да шығарған. Аруана сол жердегі тайпалар пайдаланатын суларды ішіп қоятын, қанша ішсе, сонша сүт беретін. Самудтықтар оны муғжиза емес, кесапат деп білді. Пайғамбардың оған соқтықпаңдар дегенін тыңдамай, аруананы өлтіріп тынды. Онымен тынбай, Салихтың өзін де өлтіруге әрекет еткен.

Пайғамбарын тыңдамай, күнәға әбден батқан қауым, ақыры аспаннан жауған таспен ойран болған. Бұл оқиға қасиетті аруана өлтірілген соң үш-ақ күннен кейін орын алды. Апаттан Салихқа ерген 120 адам ғана құтқарылып, 5000 отбасы түгел жойылған. Риуаяттарда Салих бұдан кейінгі өмірін Палестинадағы Рәміл деген жерде еткізді делінеді. Салих (ғ.с.) есімі Құранда 9 жерде кездеседі.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub